Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деген күдікпен ұсталғандарды қамауға алу мерзімі ұзартылды

Ерасыл Әубәкіровты өлтіру ісі бойынша ұсталған төрт адамды қамауға алу мерзімі үш айға ұзартылды.

1-7-15-sud_verdikt-01

Астанадағы №2 Алматы аудандық соты медициналық университеттің студенті Е.Әубәкіровты өлтіру ісі бойынша күдікті азаматтарды қамауға алу мерзімін 3 айға ұзартты, деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

«Ұсталғандар – Мейірбаев, Әжімбай, Тихоненко, Шерстенев ҚР ҚК-нің 99-бабындағы 2-бөлімінің 7-тармақшасымен (адамдар тобының алдын ала келісіп адам өлтіруі) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда күдікті деп танылды», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, c. Оны іздеуге көптеген ерікті атсалысты. 10 ақпанда Астана қалалық ІІД-нің қызметкерлері жедел-іздеу шараларын өткізу барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған бозбаланың мүрдесін анықтады.

Казинформ

Талқылау