Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер мен әйел теңдігі енді 200 жылдан соң орнайды

 

Әйел мен ер теңдігі мәселесі, соның ішінде еңбекақы мәселесін бір ізге түсіру үшін әлі 200 жылдай уақыт керек.

Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумның 2018 жылғы гендерлік алшақтықтың ғаламдық баяндамасында айтылды.

Саясат, денсаулық сақтау, білім саласында ер мен әйел теңдігі 0,1 пайызға артты. Ал, нағыз теңдік уақыты 105 жылдан соң келеді. Экономика саласында бұл мәселе қиындық тудыруы мүмкін.

Ешбір елде дамушылықтан, экономикадан тыс теңдік құрылған емес.

“Гендерлік теңдік – бұл әлемдік оқиға. Біз мұны әйелдердің өмір сүру салтында байқап жүрміз”, – дейді “Әйелдер-БҰҰ” құрылымының аймақтық директоры Анна-Карин Джатфорс.

Ғаламдық рейтингтік тізімде 10 жылдан бері бірінші орында Исландия елі тұр. Бұл елде теңдікке жету 85,8 пайызға тең. Тізімді Норвегия, Швеция мен Финляндия елі жалғастырады. Ресей 75-орында. Былтырға қарағанда төрт орынға төмендеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау