Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер ме әлде әйел ме? Бигендерлік модель сән әлемінің стереотиптерін бұзды (фото)

Таныс болыңыздар! Бұл – Рейн Дав, әйелдің де, ердің де киімін жарнамалайтын 26 жастағы модель. Ол сіздің санаңызда сұлулық туралы қалыптасып қалған стереотиптің бәрін бұзады.

14596916345002222222222222222

Рейн Дав сән әлеміне ерекше сырт келбетінің арқасында танылды. Оның дене бітімі мен кеуде тұсы әйелдікіне ұқсас, ал бет пішіні ер адамды еске салады. Кең иығы мен 188 сантиметрлік бойы да Рейнді өзге қыздардан ерекшелейді.

384de16d6ddd6fafbe068b5f5b115f73c034c60f

Алайда Рейн өзін әркез андрогин (авт. бойында екі жынысқа да тән қасиеттері бар адам) ретінде қабылдамады. Ол өзін «ұсқынсыз әйел» сезінді. Қуанышқа орай, ол күндер артта қалған.

1459691634500

Қазіргі таңда Рейн сыртқы бет-бейнесі үшін өзін қолайсыз сезінбейді. Ол анатомиялық ерекшеліктерінен пайда табуды жолға қойып алған. Нақтырақ айтсақ, ол сән сахнасына ердің де, әйелдің де киімін киіп шығады.

androgynous-model-rain-dove-5-590ad7a093ded__700

Рейн Дав әлемдегі ең сұранысқа ие бигендерлі модельге айналды.

Сахнадан тыс жерлерде көрпшілік 26 жастағы Рейнді транссексуал деп қабылдайды. Алайда Рейн оған түк те ренжімейді. Керісінше көңілі көтеріледі. Себебі ол «кемшілігін» пайдаға асыруды үйренген.

androgynous-model-rain-dove-7

Ол Вермонт штатындағы кішігірім фермалардың бірінде туып өскен. Рейн жастай қатарластарынан өзгешеленді, дәл осы себепті оны сыныптастары мазақ қылатын.

androgynous-model-rain-dove-8-590ad7a67af68__700

«Оған аса бас қатырмайтын едім. Осындай болып дүниеге келу тағдырым деп көндіккен едім», – дейді Рейн.

androgynous-model-rain-dove-9

Рейн Дав модельдік кәсіптен бұрын нағыз ерлердің ісімен айналысты. Атап айтсақ, өрт сөндіруші және темір ұстасы болып жүмыс істеді.

«Өрт сөндіруші болып жұмыс істеп жүргенде әріптестерімнің барлығы менің ер адам екеніме сенімді болатын. Оған қарсы болған жоқпын себебі маған расымен де ол жұмыс қажет болды», – деп ағынан жарылды Рейн.

androgynous-model-rain-dove-10

Рейн Дав тұлға ретінде өзін екіжақты ұстағанды ұнатады. Сол себепті ол желіге ер және әйел кейпінде, бірақ бір орында түскен суреттерін жиі жүктейді.

androgynous-model-rain-dove-11-590ad7b0b5bce__700

«Біз барлығымыз елден ерекшелуге тырысамыз. Бұл орайда ең дұрысы – өз қалпыңнан таймау. Жыныс – шын мәнінде өмірде жоқ нәрсе. Ол бар болғаны концепт және біз оған лайықты болуға міндетті емеспіз. Сізді осы қалпында жақсы көретін және қабылдайтын адамдар бар, солардың бірі – мен», – деді Рейн журналистерге.

androgynous-model-rain-dove-12-1androgynous-model-rain-dove-13androgynous-model-rain-dove-32-1de637d2446a397eb17e3c3030b680a36f032d55doriginalrsap-aunk-model-androgin_c2e4e76e3765010cfbd455d198893cd6

 

Талқылау