Ер-азаматтардың кімдермен үйленуіне болмайды?

Дүйсенбі, 24 Қазан , 2016 11:26

Үйленуге шешім қабылдаған мұсылман кімдермен үйленуге болмайтынын жақсы білгені дұрыс. Əйтпесе, үлкен қателікке ұрынары сөзсіз. Сондықтан бұны жастарымыздың есіне сала кетуді жөн көріп отырмыз.

full

Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

Ислам діні бойынша ер азаматтың некелесуіне болмайтын əйелдер мына екі топта қарастырылады:

1. Мəңгілік харам болған əйелдер.

2. Уақытша харам болған əйелдер.

Мəңгілік харам болған əйелдер

Ер азаматтың үйленуіне тыйым салынған, ол үшін үйлену тұрғысынан мəңгілікке харам саналатын əйелдер қан жағынан, сүт ему жолымен жəне отау құру себебімен үшке бөлінеді. Бұл Құранда былай айтылған:

“Сендерге өз аналарыңмен, туған қыздарыңмен, əпке-қарындастарыңмен, əкелеріңнің əпке-қарындастарымен, аналарыңның əпке-сіңлілерімен, туған бауырларыңның қыздарымен, əпке-қарындастарыңның қыздарымен, сүт аналарыңмен, емшектес əпке-қарындастарыңмен, қайын енелеріңмен жəне жақындасып қойған əйелдеріңнен туған қолдарыңдағы өгей қыздарыңмен некелесу харам етілді. Ал жақындаспай тұрып ажырасып кеткен əйелдеріңнің қыздарына үйленсеңдер күнə болмайды. Сондай-ақ, сендер үшін бел балаларыңның жұбайларына үйлену, һəм апалы-сіңілі екі қызды бірдей əйелдікке алу харам етілді. Ал бұдан бұрын (надандық дəуірінде) болған іс болды. Расында, Аллаһ өте кешірімді, ерекше мейірімді”.

Енді осы аятта айтылғандарды жеке-жеке қарастырайық:

а. Қан жолымен харам болғандар

Аналары: өзінің туған анасы, əжелері.

Қыздары: туған қыздары, немерелері, шөберелері.

Бауырлары: туған бауырлары, бір əкеден немесе бір анадан туған бауырлары.

Əке жағынан əпке-қарындастары: əкесінің немесе атасының туған əпкелері мен қарындастары.

Нағашы əпке-қарындастары: анасының немесе əжелерінің қыз бауырлары.

Бауырларының қыздары: өзінің туған бауырларының қыздары.

ə. Сүт ему жолымен харам болғандар

Ер жігіт сүт анасымен жəне оның қыздарымен үйлене алмайды. Сондай-ақ қыз балаға да сүт анасының ұлымен тұрмыс құруына рұқсат жоқ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайында былай деген:

“Қан жолымен харам болғандар сүт жолымен де харам болады”. Яғни кісіге немере қызымен, əпкесімен, нағашы əпкесімен, бауырларының қыздарымен үйленуінің харам болғаны сияқты сүт бауырларымен, сүт əке-шешесінің бауырларымен, сүт бауырларының балаларымен үйлену де харам саналады. Сүт ему жолымен харам болу үкімі нақтылануы үшін сүт емудің сəби шақта іске асуы керек. Имам Ағзамның көзқарасы бойынша, сүт еметін сəби шақ екі жарым жыл деп есептеледі. Сүт бала болу үшін осы уақыт аралығында бір мəрте болса да тойып ему жеткілікті. Яғни сəби екі жарым жасына дейін ең азы бір мəрте басқа ананың сүтін тойып емсе, сол ана мен оның күйеуі сəбидің сүт əке-шешесі саналып, олардың балалары мен бауырлары сəбидің сүт бауырлары санатына енеді.

б. Отау құру нəтижесінде пайда болған харамдық

1. Қайын аналар: ер азамат қайын аналары, қайын əжелеріне үйлене алмайды.

2. Өгей қыздары: əйелінің бұрынғы күйеуінен тапқан қыздарымен де үйленуіне тыйым салынған. (Ер кісі мен əйелдің некесі қиылған, бірақ төсек қатынасы болмай тұрып ажырасып кетсе, онда өгей қызына үйленуіне рұқсат)

3. Келіндер: ұлдары мен немерелерінің əйелдеріне үйленуге болмайды.

4. Өгей аналары: өгей аналарымен де мəңгілікке үйленуге болмайды.

Міне, осы жоғарыдағы топтарда айтылғандар мəңгілікке бір-біріне үйленбеуіне шешім шығарылғандар. Ал енді бір-біріне үйленуі уақытша харам болғандарды қарастырайық.

Үйленуі уақытша харам болған əйелдер

а. Əйелінің əпке-сіңлілері: ер азаматқа балдыздарымен, қайын апаларымен үйленуіне рұқсат жоқ. Бірақ əйелімен ажырасып кетсе немесе əйелі көз жұмса рұқсат етіледі.

ə. Əйелінің нағашы əпкелері жəне əйелінің əпке-қарындастарының қыздары: Ер азаматқа бұлармен де үйленуге болмайды. Бірақ жоғарыдағы жағдайдағыдай əйелімен ажырасса немесе əйелі өмірден озса, аталмыш əйелдермен үйленуіне шек қойылмайды.

б. Кез-келген некелі əйел: біреудің некесіндегі əйел күйеуімен ажырасса немесе күйеуі қайтыс болса ғана басқа кісі оны əйелдікке ала алады.

в. Мүшрік əйел: мүшрік əйел тəубе етіп, Исламды қабылдаса, онымен некелесуге рұқсат бар.

г. Өзінің үш рет талақ айтып, ажырасқан əйелі: Егер ер кісі өз əйелімен үш рет талақ айтып ажырасса, онда əйелі басқа ер кісімен некесін қидырып, сосын қайта ажыраспайынша, өз күйеуіне қосыла алмайды.

Оқи отырыңыз:

Ата-анасы Серік Ибрагимовтің үйленетінін теледидардан естіген

Қайрат Нұртас қазақстандық “Голос” жобасына үміткер ретінде қатысты (видео)

АҚШ-та әйел сәбилі болатынын босанардан жарты сағат бұрын білген

Ғалымдар сәтті жыныстық қатынастың қанша уақытқа созылатынын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар