Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ер адамға тән емес, бірақ протокол бойынша дұрыс істедім": Зеленский ауырып тұрған Меркельге неге көмектеспегенін айтты (видео)

Ангела Меркель Зеленскийдің жанында тұрғанда толықтай қауіпсіздікте болды. Украинаның жаңа сайланған президенті осылай деді. 

Германия, Украина көшбасшылары Ангела Меркель мен Владимир Зеленский неміс әнұранын тыңдап тұрды. Желіде жарияланған видеодан бұл сәтте Меркельдің қалтырап, мұны өзгелерге көрсеткісі келмегенін көруге болады. Кейіннен мұны күннің ыстығына байланысты деп түсіндірді. Ол сұйықтық ішкен соң жағдайы оңалды. 

Зеленский ресми протоколға сәйкес әрекет еткенімен, қарапайым азаматтар оның ер адамға тән мінез көрсетпегенін айтты. 

Ал, "Радикалды партия" көшбасшысы Олег Ляшко "жаныңда әйел ауырып тұрғанда, оны көрмегендей болу - ер адамға тән қасиет емес" деп пікір білдірді. 

Талқылау