Ер адамды қағып өлтірген жүргізуші марқұмның отбасына өз көлігін ұсынды

Жол-көлік оқиғасы Алматы облысында биылғы жылдың көктемінде болды. 22-ші сәуірде Асыл Арман ықшамауданының маңында Қаскелеңге такси ұстап тұрған 36 жастағы Алман Гайсинді көлік қағып кетті. Апат салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Бүгінде Қаскелен қаласында осы қылмыстық іске қатысты сот отырысы өтті.

Ер адамды қағып өлтірген жүргізушісі марқұмның отбасына өз көлігін ұсынды

Апат салдарынан көз жұмған  Алман Гайсин

Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алман Гайсиннің дүниеден озғанына да міне 100 күн өтті. Марқұмның ата-анасы ұлдарын еске алып Оралдан Алматыға келді. Ал, азаматынан айырылған Гүлжихан Маутова қайғылы оқиғадан әлі есін жия алмай, оның үстіне қызым күн сайын әкесін іздейді, деп жылауда.

«Сол күні екі автокөлік бір-бірімен жарысып келе жатты. Айыпталушы Назарқұлов оң жақта  өтіп бара жатқан көлікті басып озамын деп күйеуімді қағып кетті. Шамамен 15 метрдей жүріп өткен соң бірақ тоқтады. Қызым күн сайын әкесін іздеп сұрайды. Ол 4 жаста болғанымен бәрін түсінеді. Оның жерленгенін де біледі. Қызым үнемі әкем қайда, неге жоқ? Неліктен оны ана аға өлтірді? деп сұрай береді», – дейді Гүлжихан Маутова.

Жол бойында қолшаммен тұрған адамды көліктің қалай қағып кеткені де видеоға түсіп қалған. 36 жастағы азаматты ажал құштырған 31 жастағы Серікбек Назарқұлов айыпталушы ретінде сот алдында жауап берді. Жас жігіт бірінші сот отырысында-ақ өз кінәсін мойындады. Осылайша, бұл іс оңайлатылған тәртіппен қаралады. Дегенмен, марқұмның туыстары айыпталушыдан 13 миллион теңге көлемінде моральдық және материалдық зиянды өтеуді талап етті. Ал, асыраушысынан айырылып, жесір қалған әйел кішкентай қызын енді жалғыз өзі тәрбиелейді. Сот залынан шыққанан кейін айыпталушы да келтірілген залалды төлеуге дайын екенін айтты.

«Мен бұны қасақана істемедім. Мен жәбірленуші танымаймын да, оны әдейі қағып нем бар? Мен, әрине, өкінемін. Оның туыстарына астымдағы көлімді ұсындым », – деп жауап берді айыпталушы.

«Бүгін мен екі миллион теңге әкелдім, біз бәрін бірден бере алмаймыз ғой», – дейді оның анасы.

Басқаша айтқанда, айыпталушы марқұмның туыстарына ақшалай екі миллион теңге мен жәбірленушіні қағып өлтірген көлігін ұсынды.

Бұл іске қатысты тыңдалым 6 тамызға жоспарланды. Қылмыстық кодекске сәйкес, адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік апаты үшін айыпталушы бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар