Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майлы тамақ әйелдерге қарағанда еркектер үшін көбірек зиян

Көптеген майлы тағамдардың зиян екенін бәрі біледі. Алайда қаншалықты зиян келтіретіні бұл сіздің ер немесе әйел екеніңізге байланысты екен деп жазады доктор Зоуи Вильямс.

_94640198_trustmes6-41-zoewilliams

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Рациондағы тым артық майлылық артық салмақ жинауға алып келеді. тіпті фастфуд тамақтарын көп тұтыну жүрек-қан тамыры ауруына алып келуі де ықтимал. Бұл ретте әйелдерге қарағанда ер адамдар үшін сосиска, бәліш, торт, басқа да тәтті тағамдар зиян екен.

Жақында ғалымдар адамдарды жынысына қарай екі топқа бөліп зерттеу жүргізген. Олар майлы тағамдар ұсынып, аталмыш тамақтарды ер мен әйел ағзасы қалай қабылдайды деген сауалға жауап іздейді.

Мен бұл диетаны өз жеке организмімде сынап көргім келді. Нәтижемді біреумен салыстыру үшін мен осы зерттеудің жетекшісі доктор Мэтт Коксты көндірдім.

Бастамас бұрын біздің май көлеміміз бен қант мөлшерін өлшеді. Және апта бойы өзіміз осы мөлшерлерді өлшеп отыру үшін бізге глюкометр берді. Зоуидың “майлы диетасының” күнделікті рационы:

э

Таңғыс ас: үш жұмыртқа, 30 гр сыр, 60 гр шұжық, 10 гр май.

Түскі ас: 10 гр май, сыр-пияз қосылған пирожки, шошқа еті бар пирожки, екі таяқша сыр.

Кешкі ас: 150 гр шошқа еті, 30 гр сыр, 60 гр орамжапырақ салаты және майонез құйылған сәбіз, үш картоп

Ал бесіндік кезінде кока-кола, 30 гр жаңғақ тұтынған.

Бір апта ішінде нәтиже алу үшін бізге әдеттегіге қарағанда 50 пайыз калория жұмсауға тура келді. Бір апта бойы Мэтт екеуміз құрамында қанты көп сусын ішумен болдық.

Ал нәтижеге қараған кезде біз менің бойымда глюкоза деңгейінің төмендеп кетпегенін байқадық. Ал Мээттің организмінде глюкозаны организмнен шығару мүмкіндігі 50 пайызға кеміген. Бұл Мэттің өзі жасаған зерттеуде де дәлелденген.

“Диабетке соқтыратын бір жол – қандағы глюкоза деңгейінің бақылаудан шығып кетуі. Егер мен дәл солай тамақтануды ұзаққа дейін жалғастыра беретін болсам онда 2-ші деңгейлі диабетке бір-ақ барар едім”, – дейді Мэтт.

Біз Мэттпен бірге “майлы диетаны” ұстанып көрдік. Ал шынайы өмірде кім майлы тағамды көп жесе, соның денсаулығы ойдағыдай болмақ емес.

э.jpg54

Ең дұрысы – тепе-теңдікті сақтай отыра өмір сүру керек. Спортпен де айналысу көп ретте көмектеседі.

“Егер сіз тамақ ішіп болып, сосын спортпен айналыссаңыз онда жегеніңізді “жағып” жібересіз”, – дейді Мэтт.

Оқи отырыңыз:

Бананның адам ағзасы үшін 22 түрлі пайдасы

Циститтен қалай емделеді?

Остеохондроз қалай пайда болады?

Омыртқа не себепті қисаяды және оны емдеудің жолдары қандай

Талқылау