Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адамдар шаштарын французша өріп алуды сәнге айналдырған

Француз стиліндегі өрілген шаштар қазір ерлердің де сүйікті трендіне айналған. Тіпті, жігіттер өрілген шаштарын суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге #manbraids хэштегімен салуды сәнге айналдырған.

ManBraids-Ft1

Бұл туралы Mashable хабарлайды.

Олар сақал қоюдың орнына қазір шаштарын осылай өретін болған.

Тіпті, соңғы уақыттарда жігіттер өрілген шаштарын суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге #manbraids хэштегімен салуды сәнге айналдырған.

Былтырғы жылы киім сәніне қанық түстер мен нәзік ал қызыл түсті киімдер кірген. Көше сәні ретінде жыртық шалбрарлар мен фланелді көйлектер, бейсболкалар киген. Және ақ крассовкалар мен «челси» түріндегі аяқ киімдер кию сәнге айналған.

Ал, салмақты қадам жасап, нақты іске көшкен Giorgio Armani сән үйі болды. Миланда өткен сән апталығында олар Америка жазушысы Уильям Берроуздың стилімен ерлерге арналған киім үлгілерімен таныстырды. Негізгі басымдық шляпаларға түсті. Сондай-ақ, 1950 жылы сәнге айналған қайырмасы мен тартпасы бар пальтолар ұсынылды.

Талқылау