Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам үш жыл бұрын жоғалтып алған неке жүзігін сәбіздің ішінен тапты (фото)

Осыдан үш жыл бұрын 82 жастағы Германия тұрғыны бау-бақшада неке жүзігін жоғалтып алды. Бұл жұбайлардың «Алтын тойды» тойлап болған кезі еді.

Ер адам үш жыл бұрын жоғалтып алған неке жүзігін сәбіздің ішінен тапты

Ер адам жеміс-жидектің арасында жоғалған затты таба алмайтынына сенімді болды. Алайда табиғат-ана оған тосын-сый жасады. Араға үш жыл салып күтпеген жерден жүзік табылды.

Жұбайы ер адамға жүзіктің табылатынын жиі айтатын. Оның айтқаны орындалды. Тек ол осыдан бір жарым жыл бұрын бақилыққа аттанғандықтан, болжамының орындалғанына көз жеткізе алмады, деп жазды Bored Panda.

Ер адам үш жыл бұрын жоғалтып алған неке жүзігін сәбіздің ішінен тапты


Тағы оқыңыз >>>

Сәбіздің қандай пайдасы бар?

Талқылау