Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам жүгері алқабында сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Мәңгі бірге болуға ант етіп, үйленуге ұсыныс жасау ғашықтардың өміріндегі ең әсерлі және қызықты сәттердің бірі. Кейбіреулер бұл рәсімді өте жауапкершілікпен қабылдайды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі TengriMIX-ке сілтеп.

Ер адам жүгері алқабында сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Ер азаматтар сүйіктілеріне ерекше ұсыныс жасау үшін түрлі амалдарды қолданып, қиялға беріледі. Солардың бірі құрбысына ұмытылмастай қуанышты сәт сыйлаған Лондон тұрғыны Варун Банот.

Ер адам жүгері алқабында сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

28 жасар Варун Банот өзінің сүйіктісі Аниша Сетті туған күнін атап өту үшін тікұшақпен серуендеуге шақырды. Ғылыми фантастика мен ғарышқа қатты қызығатын қыз тек ауылдық жердегі Джодрелл-Бэнк обсерваториясына дейін ғана серуендейміз деген сенімде болды.

Ер адам жүгері алқабында сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Дегенмен, тікұшақ жолдағы жүгері алқабының бірінен ұшып бара жатқанда, бойжеткен егістікке жазылған «Аниша, маған тұрмысқа шығасың ба?» деген жазуды көрді.

Ер адам жүгері алқабында сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Тапқыр жігіт бұл сөзді жүгері алқабына жазу үшін үш ай бойы фермерлерге хабарласып, рұқсат сұраған. Ақыр соңында, жігіт Джодрель Бэнк обсерваториясына баратын жолда ұсыныс жасауға ыңғайлы шаруа қожалығын тапты. Осылайша, сүйікітісін таңғалдырған жігіт «иә» деген жауап алды.

Ер адам жүгері алқабында сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау