Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам жұмыс істемейтін банкоматтың арқасында үлкен олжаға кенелді

Лотереяда бас жүлдені жеңіп алған АҚШ тұрғыны осындай олжаға жұмыс істемейтін банкоматтың арқасында кенелгенін айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ер адам жұмыс істемейтін банкоматтың арқасында үлкен олжаға кенелді

АҚШ-тың Рочестер қаласында техник болып жұмыс істейтін Даниэль Гриннелл әдеттегідей лотерея билеттерін сатып алып жүрген дүкеніне барды. Бірақ банкомат жұмыс істемегендіктен, ол басқа дүкенге баруға мәжбүр болды. Онда ол есепшотынан 40 доллар шешіп, бірнеше билет сатып алды. Ер адам бұл жолғы лотореядан 27 доллар ұтты.

Содан ол алғашқы ұтысына тағы да лотерея билеттерін сатып алуға шешім қабылдады. Көлігіне келіп, лоторея билетін ашқан ер адам бұл жолы да ұтыссыз қалмады. Бірақ, ол осы жолы ең жоғары жүлдені жеңіп алды.

«Өз көзіме өзім сенер емеспін. Мен оны жүз рет тексердім. Содан кейін оған қолымды қойып, оны ары қойып қойдым», – деді ол.

Гриннелл ұтысын бірнеше жылға бөліп, біртіндеп алып тұрса да болар еді. Бірақ, ол толық соманы бірден алуды жөн көрді. Салық және қарыздары төленгеннен кейін оған 564 110 997 теңге төленеді. Енді ол осы ақшаға үй алып, ұлын оқытпақшы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау