Ер адам сүйіктісінің маңдайына өз есімін жаздыруды талап еткен

Бейсенбі, 27 Қазан , 2016 12:27

Бүгінде татуировка жасату сәнге айналды. Осылайша кейбір адамдар өз көңіл-күйлерін, ішкі эмоцияларын денелеріне салынған белгілер арқылы білдіреді. Алайда денеге мәңгілікке таңбаланатын бұл мөр бір күні өкінішке душар етуі мүмкін.

ad_223883094

Куртней Лейт (Kourtney Leigh) 20 жасында өз сүйіктісінің есімін бетіне жаздырып алған. «Райан» сөзі оның сол жақ қасының үстінде, ал «Уиббо» сөзі оң жақ бөлігінде орналасқан. Осылайша бойжеткенге Райаннан басқа бірде бір жігіт көз сала алмайды, деп жазды Metro.

Оның досы 23 жастағы Райан Уибберлей татуировка салудың шебері. Айтуынша, ол өзінің есімін денелеріне жаздыруға 39 қызды көндірген. Олардың көбісі жігіттің есімін беттеріне жаздыруға келіспеген. Дененің әр бөлігіне, атап айтсақ, аяқтарына, қолдары мен саусақтарына жаздыртқан.

“Мен бар болғаны көңіл көтергім келді. Күлкінішті емес пе? Мен оларды пайдаланған жоқпын, татуировка жасатуды олар өздері қалады» – деді жігіт Sun-ға берген сұхбатында.

«Менің де қолымда Куртнейдің есімі жазылған, алайда ол маған есімін жаздыртқан бұрынғы қыздарымның бірегейі», – деп атап өтті суретші жігіт.

Сток Сити тұрғынының денесінде Куртнейдің есімінен бөлек 50 татуировка бар.

Жұп ақпан айынан бастап кездесе бастаған. Ол кезде Райан түрмеден шыққан еді. Оған дейін суретші жігіт қоғамдық тәртіпті бұзып, адамдарға қоқан-лоққы көрсеткені және ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Ал Куртней бұл жағдайды былайша түсіндірді: «Ол айтқанынан қайтпайды, сол үшін жасаттым. Ол мені басқа адаммен көңіл қосады деп ойлайды. Десе де, мен туралы жұрт не десе де, маған бәрібір».

ad_223883142

wibbo-e1477427540222

Жіберіп алмаңыз: 

Қорқынышты фильм көру – адам денсаулығына пайдалы

Басына үлкен мүйіз шыққан әжейге дәрігерлер де көмектесуге қауқарсыз (видео)

Мейірімді жүргізуші жаяу жүргіншілердің шалшықтан өтуіне көмектесті (видео)

Анасы баласының мойнына ит шылбырын байлап серуендеген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар