Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам өзіне тұрмысқа шығуға келіспеген қызды басынан атып өлтірді (видео)

Пәкістанда ер адам өзіне тұрмысқа шығуға келіспеген қызыды атып өлтірген. Оның бұл қылмысы сыртқы бақылау камерасына түсіп қалыпты.

Ер адам өзіне тұрмысқа шығуға келіспеген қызды басынан атып өлтірді (видео)

Бұл туралы The News басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Полиция мәліметінше, Абрар текті ер адам автобус компаниясында күзетші болып жұмыс істеген. Ол дәл осы фирмада жұмыс істеп жүрген әріптесі 18 жастағы Мехвишке өзіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасапты. Алайда ол әріптесінің бұл ұсынысынан бас тартқан.

Артныша ер адам жұмыстан кейін қыздың соңынан аңдып, басынан атып өлтірген. Алған жарақаты салдарынан қыз оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Бақылау камерасындағы жазбаға қарағанда, Абрар қызды өлтірер алдында оның қолынан шап беріп, бірдеңе айтып үлгерген.

Басылымда хабарланғандай, күзетші бұл қылмысынан кейін оқиға орнынан із суытпақ болған. Алайда компанияның басқа жұмысшылары оны ұстап алып, полицияға тапсырыпты.

Хабарланғандай, қыздың әкесі қайтыс болған екен. Сондықтан ол отбасын бір өзі асырап отырған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау