Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам мейрамханадағы тамақтан біртүрлі зат тауып алып, байып кетті

АҚШ-та мейрамханаға келген ер адам устрицаға тапсырыс беріп, ішінен інжу тауып алды.

Ер адам мейрамханадағы тамақтан біртүрлі зат тауып алып, байып кетті

Бұл туралы CBS News порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Рик Энтош досымен бірге Манхэттендегі барлардың біріне барып, қуырылған устрица жегісі келген. Ұлуды жеп отырған ол аузынан біртүрлі затты байқапты.

«Мен оны тістеген жоқпын. Алайда бірдеңе дұрыс емес сияқты көрінді. Тісімдегі пломба түсіп қалды немесе тісім сынды деп ойладым», – дейді америкалық азамат.

Анықталғандай, оның аузында іншу моншағы болған. Оның пішіні мінсіз емес және қара дағы бар.

Даяшылар оның шынымен де інжу екенін растаған. Аспаздардың бірі 28 жыл бойы жұмыс істеп жүрсе де, мұндай жағдайға небәрі 2 рет куә болғанын айтты.

Інжу моншағы 1000 доллар (370 мың теңгеден аса) тұруы мүмкін. Алайда ер адам оны сатқысы келмейтінін айтты. Оны тұмар ретінде сақтап қоямын, дейді ол.

«Қазір жылдың соңы. Білесіздер ме, бұл келесі жылы бәрі тамаша болатынының белгісі», – дейді Энтош.

Сонымен қатар ол тағы бір інжу моншағын табу үшін, әрі қарай да устрицаны жиі жейтінін айтты.

Басылымда аталғандай, орта есеппен, он мың устрицаның біреуінде ғана інжу түзіледі екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау