Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам қызымды аңдыды: Қостанайлық әйел бейтаныс азаматқа қатысты полицияға арыз жазды

Оқиға 17 сәуір күні болды. Қыздың анасы полицияға шағым түсірді.

Ер адам қызымды аңдыды: Қостанайлық әйел бейтаныс азаматқа қатысты полицияға арыз жазды

Қостанайда ер адам кішкентай қызды үйіне дейін жеткізіп салмақ болған, деп хабарлайды alau.kz.

«28 жастағы әйел адам арыз жазды. Арызында бейтаныс ер адамның 7 жасар қызын аңдығаны айтылған. Полицейлердің анықтауы бойынша, ер адам «Березка» дүкені маңына жалғыз кетіп бара жатқан қыз баланы көріп қалады. Ер адам оны үйіне дейін жеткізіп салмақ болған», – делінген хабарламада.

Оқиғаға қатысты соталды тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Тағы оқыңыз: 

Қазақстандықтар желі қызметіне шағым айтты: Министр не деп жауап берді

Бір бөлмеде 5 адам: Алматыда студентер жатақханасының талапқа сай емес екені анықталды

Қазақстанда онлайн-несие қызметі жойылуы мүмкін

Талқылау