Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам көзіне кіріп кеткен пышақтың жүзін 4 күн бойы алдырмай жүрген

Оңсүстік Африка Респкбликасында ер адам басына қадалған 10 сантиметрлік пышақпен 4 күн бойы жүрген.

Ер адам көзіне кіріп кеткен пышақтың жүзін 4 күн бойы алғызбай жүрген

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға Йоханнесбург қаласында орын алған. 25 жастағы ер адам барда ішімдік ішіп отырған. Осы кезде төбелес болып, ол досын қорғамақ болыпты. Артынша қарсыласы оның сол жақ көзіне пышақтың жүзін сұғып алған.

Мұнан кейін ер адам үйіне барып, ұйықтап қалған. Артынша оған достары келіп, ауруханаға баруға көндіріпті. Ер адамның өзі көзіне пышақ сұғып алғаны туралы білмеген. Ол дәрігерге басының ауыратынын және сол жақ көзінде әлдене тұрғандай сезінетінін айтыпты.

Рентгенография барысында ер адамның бас сүйегінде пышақтың жүзі бары анықталған. Пышақ сүйекке тіреліп қалғандықтан, жылжымаған. Ер адам ауруханада бос орын пайда болғанша бір тәулі күткен. Мұнан кейін қан тамырларының ангиография-рентгенографиясын жасаты үшін тағы 2 тәулік күтуіне тура келіпті. Нәтижесінде пациенттің ірі қан тамырлары зақымдалмағаны белгілі болды.

Ер адамға ота сәтті жасалып, дәрігерлер оның бас сүйегінен пышақтың жүзін алып шықты. Ол үшін дәрігерлерге пациенттің көзін уақытша тігіп тастауға тура келіпті.

Отадан кейін ер адам аман қалғанына шүкірлік етіп, дәрігерлерге алғыс білдірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау