Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам қателікпен жіберілген хаттың арқасында бейтаныс адамдардың есебінен саяхатқа аттанды

АҚШ тұрғыны Уильям Новак өзін қателікпен шақырған сауық кешіне қажетті 750 доллардың (280 мың теңгеден аса) орнына 3560 доллар (1 млн 300 мың теңгеден аса) жинап алды.

Ер адам қателікпен жіберілген хаттың арқасында бейтаныс адамдардың есебінен саяхатқа аттанды

Бұл туралы Associated Press басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабаралайды.

Ер адам өзі тұрып жатқан Аризонадан Вермонттағы тау-шаңғы курортына баруға қажет ақшаны отбасымен тамақтанып отырған кезде краудфандинг сервисі арқылы жинап алған.

Ер адамның сөзінше, оған жіберілген электронды хатта қызықтырарлық дүниелер жазылған. Сондықтан ол әзілдеп, келісім беретінін жаза салған. Алайда артынша басқа штатта сауық кешін ұйымдастырушылар оны шынымен де қонақ болуға шақырған. Өз кезегінде оған хат жіберген Девин Онелло мен бойдақтарға арналған сауық кешуін өткізуге көмектесіп жүрген ағасы кешке бейтаныс адамның келгені қызықты болады деп ойлаған.

Сауық кешін ұйымдастырушылар Новакқа кеште ішімдік көп болатынын айтыпты. Алайда Новак ішімдіктен бас тартқан.

Ал Девиннің ағасы мен қалыңдығы жақында ата-ана атанатыны белгілі болғанда, Новактың әріптесі оларға сыйлық жасап, балаларға арналған көрпе беруді ұйғарған. Сондай-ақ, Новактің көршілері де болашақ жас жұбайларға сыйлықтар беріп жіберді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау