Ер адам екі рет түсінде көрген сандардың арқасында миллиондаған доллар ұтып алды

АҚШ-тың Мэриленд штатының тұрғыны түсінде аян берген сандардың арқасында өмірінде екінші рет лотереядан джекпот ұтып алды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ер адам екі рет түсінде көрген сандардың арқасында миллиондаған доллар ұтып алды

Лоторея ойнап, қомақты жүлдеге ие болған Ричард Джойнер түсінде төрт, сегіз, бес және алты сандарын көргенін және ол сандардың миында сақталып қалғанын айтты. Кейіннен, ол бұл сандардың әскерде қызмет етіп жүрген кезде үнемі құжаттарда кездескенін есіне түсірді.

Джойнер бұл комбинацияның виртуалды жарыстарда жиі жеңіс әкелетінін байқады. Сөйтіп, ол осы сандарды компьютерлік жылқыларға белгілеп 15 252 доллар, яғни 5 735 667 теңге джекпот ұтып алды. Ал екінші рет тағы да жүлделі болып, 14 928 453 теңге алды. Оның сөзіне сүйенсек, сол кезде де ол жүлделі жылқылардың санын түсінде көрген екен.

«Менің түсіме үнемі сандар кіреді. Олар күндерге, оқиғалар мен спорттық нәтижелерге байланысты. Содан кейін де мен бұл сандарды қолдануға тырысамын», – деп мойындады ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр