Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам “Бурабай” ұлттық паркінде өсіп тұрған 45 ағашты отын қылу үшін кесіп тастаған

Ақмола облысында ер адам Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі 45 ағашты кесіп алып кеткен. Бұл туралы өңірлік ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Безымянный

Бурабай полиция бөлімшесінің табиғатты қорғау полициясына күдікті автокөлік туралы хабар келіп түседі. Межелі жерге келген тәртіп сақшылары Щучинск қаласының тұрғынын ұстайды. Ол қажетті құжатының жоқтығына қарамастан ағаштарды заңсыз кесіп тастаған.

Ер адам осы уақытқа дейін 45 ағаштың тамырына балта шауып үлгеріпті. Оның екеуі көктерек. Құқық қорғаушылар сондай-ақ одан қырқылып, дайындалған бөренелерді де тәркілеген.

“Ол дайындалған ағаштарды “ЗИЛ” жүк көлігіне тиеп әкетуді жоспарлаған”, – деп хабарлады баспасөз қызметі. Қазіргі таңда полицейлер келтірілген шығын көлемін есептеп, тұрғынның үстінен іс қозғады.


Талқылау