Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам бәтеңкесіндегі тесік арқылы жас қыздардың ұятты жерін суретке түсіріп жүрген

Таиланд тұрғыны қулық жасап, қыздардың белдемшесінің астынан әурет жерін суретке түсіріп жүрген. Оның бұл әрекеті әшкере болғаннан кейін алымсақтық жасады деп айыпталып, тұтқындалды.

Ер адам бәтеңкесіндегі тесік арқылы жас қыздардың ұятты жерін суретке түсіріп жүрген

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Танымал модель әрі тележұлдыз Танчанок Гуд та 40 жастағы азғынның әрекетінің құрбаны болған.

21 жастағы бойжеткеннің сөзінше, ол сауда орталығында өтіп жатқан сән көрсетілімінде жүрген кезде Натавут есімді ер адам жанына келген. Алайда оның визажисі ер адамның бәтеңесіндегі тесікте камера тұрғанын байқап қалған. Мұны білген модель бірден күзетшілерді шақырып, олар азғынды тұтқындады.

Ер адам бәтеңкесіндегі тесік арқылы жас қыздардың ұятты жерін суретке түсіріп жүрген

Полицейлер ер адамның бәтеңкесінен ұялы телефон тапқан. Артынша Натавут сексуалдық тұрғыдан ләззат алу үшін қыздардың ұятты жерін суретке түсіріп келген. Ол өзін журналист ретінде таныстырып, сән көрсетілімдеріне кіріп жүрген. Ендігі ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау