Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам атқа мінген күйінде дүкенге кіріп келді (видео)

Қырғызстанда ер адам дүкенге атқа мінген күйінде кіріп келді. Анықталғандай, 39 жастағы жергілікті тұрғын бұл кезде мас болған. Ол өз әрекеті үшін өкінетінін жеткізді, деп жазады Stan.kz.

Ер адам атқа мінген күйінде дүкенге кіріп келді (видео)

Оқиға Қырғызстанның Тоқмақ қаласында орын алған. Ішімдіктен ұрттап алған ер адам ат үстінде отырған күйінде дүкенге кіріп келді. Бұл оқиға түсіп қалған видео желіде тарап кетті.

Sputnik Қырғызстан мәліметінше, атпен дүкенге кірген 39 жастағы жергілікті тұрғын екен. Ол артынша өз әрекеті үшін өкінетінін айтты.

Десе де оның үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, 5,5 сом (30 мың теңгеден аса) көлемінде айыппұл салынды.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Новости столицы (@bishkeknews)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау