Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам 114 жалған карта жасап алып, алматылықтардың шотынан ақша ұрлап келген

Алматыда 114 жалған карта жасап алып, тұрғындардың шотындағы ақшасын шешіп алып жүрген кибер-ұры анықталып, қолға түсті, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ер адам 114 жалған карта жасап алып, алматылықтардың шотынан ақша ұрлап келген

Полиция мәліметінше, күдікті – Алматы облысының тумасы. Ол мұндай қылмысқа әбден дайындалған көрінеді. Ер адам Қытайдан пластик, ұсақ бұйымдарды жасайтын арнайы техникалық құрылғы сатып алып, өзгелердің шотынан ақша шешіп алу үшін, банк карталарын қолдан жасаған.

«Күдікті карталарды қолдан жасап қана қоймай, ашық дереккөздерден құрбандарының мәліметін алып, оны жалған картаға енгізіп отырған. Мұнан кейін ол азаматтардың шотынан ақша шешіп алып жүрген. Ал күдіктінің құрбандары бұл туралы күдіктенбеген. Ол өзінің әрекетін байқатпас үшін, әр адамның шотынан аздаған көлемде, шамамен 10 мың теңгеден ақша алып жүрген.

35 жастағы күдіктіден жалпы саны 114 жалған банк карталары тәркіленді», – дейді Медеу аудандық ІІД басшысы Болат Тотыбаев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабына (Алаяқтық) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктінің осы тәрізді басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Күдікті уақытша ұстау излояторына тоғытылды. Ол өз кінәсін толық мойындады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау