Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аиша: Енең анаң секілді қатынаста болады деп күтпеу керек

Әнші, көпбалалы ана, Бүркіттің жары Аиша отбасы мен бала тәрбиесі, енесімен қатынасы жайлы айтып берді.

Бұл туралы желіде Vintagekz арнасы жариялады.

Аишаның айтуынша, отбасында балаларын өзінен гөрі күйеуі көп еркелетеді екен. Ал, балаларына есімді бәрі ақылдаса отырып таңдайды.

“Үш баланың анасы атанғалы бері ашуланшақ болып кеттім. Бірақ балаларды ұрмауға тырысам. Біз балаларды бұрышқа тұрғызып, қатаң тәрбиелемейміз. Әкесі көп еркелетеді. Ойыншықтар алып береді. Мен әдетте кітаптар алып берем. Ал, есімді бәріміз бірге таңдаймыз. Бүркіттің ағасы бізге ат ұсынады. Бізге ұнаса қарсылық танытпаймыз. Маған балаларымның бәрінің аты ұнайды”, – дейді Аиша.

Айтуынша, екінші баласы өмірге келгеннен бастап бала күтуші жалдаған. Ол отбасы шетелге қыдырғанда да бірге жүреді.

“Жылына екі рет демалысқа барамыз. Қызымыз сәл өскен соң қыс кезінде шетелге демалуды ойлап отырмыз”, – дейді ол.

Аиша енесімен қарым қатынасы жайлы айтып өтті.

“Енеммен жақсы қатынастамыз. Көп келіндердің, әсіресе, ата-енесімен бірге тұратын келндердің шығыса алмайтынын білем. Жай ғана енеңді күйеуіңнің анасы, ол жақсы адам деп қабылдау керек. Және ешнәрсе күтпеу керек. Одан анаң секілді қатынасты күтпеу керек. Сонда бәрі жақсы болады”, – дейді әнші.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау