БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ене атанды: Баян Алагөзова үйлену тойына таңдаған көйлегімен оқырмандарын тамсандырды

9 наурыз күні Алматы қаласында Royal Tulip Almaty қонақүйінде Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек пен күйеу баласы Әлішердің үйлену тойы өтті. Желі қолданушыларын тойдан бөлек, оған барған қауымның әдемі киімдері, әсіресе продюсердің қызыл көйлегі қызықтырды. Бұл туралы продюсердің "Инстаграмдағы" парақшасына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

Ене атанды: Баян Алагөзова үйлену тойына таңдаған көйлегімен оқырмандарын тамсандырды

Баян Алагөзова тойға қазақстандық дизайнер Назым Қарпықованың қолынан шыққан қызыл көйлекті киіп барды. Сондай-ақ, Айару Бақытбектің де әпкесінің тойына таңдаған көйлегі Қарпықованың Atelier Arunaz деген брендіне тиесілі. 

Алагөзованың оқырмандары оның сұлулығына, көйлектің әдемілігіне тамсанды. "Әдемі ана, әдемі қыз, бақытты ана, бақытты қыз. Жарайсыңдар, қыздар! Шексіз бақыт тілеймін", "Әдеттегідей өте әдемі", "Қандай әдемі отбасы", "Сіздің сұлулығыңыды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Керемет әйел" деп жылы лебіздерін білдірді. 

Баян Алагөзова өткен жылдың аяғында көпшіліктің назарына "Bayan x Arunaz" деген дизайнерлік брендінің коллекциясын ұсынған. Ол Atelier Arunaz брендінің негізін қалаған Назым Қарпықовамен тығыз жұмыс істейді. Өзінің қол астындағы топтарын, КешYou тобын Қарпықованың киімдерімен киіндірген. 
 

 

 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр