Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді Whiskas Қазақстанда да өндіріледі 

2016 жылдан бастап Қазақстанда арнайы үй жануарлары үшін тамақтар өндіріле бастамақ. Өндірушілер, жануарлар тамағының бағасы шетелдік аналогтарына қарағанда әлдеқайда төмен болады деп отыр.

10797236

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Енді мысықтарға арналған “Whiskas” өнімдері өз елімізде де өндіріліп, таяу уақытта дүкен сөрелерінен орын алуы мүмкін. Бұл жайлы “АкТеп” компаниясының директоры Нұрлан Сағыналин сейсенбі күні хабарлаған.

“Біздің компания үй жануарлары үшін өнім өндіруді биыл қолға алғалы отыр. “Pedigree”, “Whiskas” сауда маркаларының негізінде біз өз тағамдарымызды шығарамыз”, – дейді Сағыналин.

“Қазіргі таңда сертификат алу жұмыстары жүргізілуде. Жақын күндері дүкендерден тұрғындар өз үй жануарларына біздің өнімдерді сатып алады деген үміттеміз”, – деп атап өтті компания басшысы.

Талқылау