Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Енді тек орысша айтамын": Гүлжан Қарағұсова өзін қазақша сөйлей алмайды дегендерге ренішін айтты (видео)

Депутат Гүлжан Қарағұсова өзінің қазақша сөйлегенін мазақ еткендерге ренішін білдірді. Бұдан былай орыс тілінде жауап беретінін айтты. 

qaragusova

Бұған дейін желіде Гүлжан Қарағұсованың қазақ тілінде берген бірнеше сұхбаты жарияланған еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмаса да, ойын жеткізуге тырысып жүрген депутат енді түбегейлі қазақ тілінде сөйлеуден бас тартып отыр. 

"Мен тек орыс тілінде жауап беремін енді", - деді ол қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіге. 

"Себебі мені ғаламторда қазақша сөйлей алмайды деп жазып жатыр. Қазақша айта алмасам, ол менің кінәм емес. Қазір қазақша жауап берсем, тағы да мен туралы жазады", - дейді Қарағұсова. 

Бұған дейін Гүлжан Қарағұсова тілшілерге ет туралы ойын қазақша жеткізген еді. 

Желі қолданушылары бірі депутаттың қазақша сөзі шынында да күлкілі екенін айтып жатыр. Енді бірі мұндай мазақ ету емес, қолдау керек екенін жазды. 

"Сөйлей алмаса да, тырысып жүр. Мүлде сөйлемейтіндер де бар емес пе?", "Күлкі еткенше, қолдай білейік, сонда шенеуніктеріміз қазақша үйрене бастайды", - деп жазды олар. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр