Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді пәтер иелері кооперативіне қарыз тұрғындар банктен несие ала алмайды

Алматыда пәтер иелерінің кооперативіне қарыз тұрғындарға несие рәсімдеу қиынға түсуі мүмкін. Енді әр тұрғынның коммуналды қызмет ақысын өтемегені туралы мәліметтер қоры жинақталады. Оны несие беру туралы шешім қабылдағанда банктер пайдалануы мүмкін. 

Бұл турлы 31 арна хабарлады.

Деректер қоры 250 компанияға қолжетімді болады. Банктерге ғана емес микроқаржылық ұйымдарға және тауарларын бөліп төлеумен сататындар да барлық ақпаратты біліп отырады. Олардың әрқайсысы қанша қарызы барларға несие беруден бас тартатынын өздері шешіді. 

Деректер базасындағы ақпарат айына бір рет жаңартылып отырады. Әкімдіктегілер осы әдіс арқылы қарызы барларды азайтуды көздеп отыр.

Билік өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта алматылықтар тұрғын үй кооперативіне  15 миллиард теңге қарыз. Екі есе көп – жылу, кәріз жүйесі және су үшін.

“Біз алматылықтарға тұрғын үй кооперативіне қарызы бар-жоғын тексеруге кеңес береміз. Үй сатып алғанда да дәл солай. Егер үй сатылса, онда міндетті түрде тұрғын үй кооперативіне хабарланады”, – дейді Бірінші несие бюросының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Әсем Нұрғалиева.

Тағы оқыңыз:

Қазақстаннан ұрланған ақша шетелдік банктен табылды

Қазақстанда ең төмен күнкөріс деңгейі 26 мың теңгені құрады

Танымал қазақстандық кәсіпкер алаяқтығы үшін айыпталуда

Зағипа Бәлиева “Аналар үйіне” сын айтып, қоғамдық ұйымдарға балалар үйін тексеруге тыйым салды

Талқылау