Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді қазақстандықтар мемлекеттік органдарға анықтамалар апаруға міндетті емес

Электронды үкімет порталында «Анықтамасыз қызмет» іске қосылды. Енді қазақстандықтарға мемлекеттік органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтамаларды апаруға міндетті емес. Бұл туралы egov.kz хабарлады.

«Қажет куәліктерді мемлекеттік орган электронды үкімет порталы арқылы сұрайтын болады. Жаңа жоба анықтаманың 3 түрін алуға мүмкіндік береді. Олар тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамаларды алуға болады. Азаматтар үшінші жақпен әрбір алынған анықтамаларға sms-хабарлама арқылы рұқсат береді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы ақпанда сервис тізіміне сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама қосылады.

«25 қаңтар мен 5 ақпан аралығанда ХҚКО-нан 312 мың электронды анықтама берілді. Анықтаманы сауалнамаға қатысқандардың 45 пайызы білім беру мекемелері мен коммуналды қызмет үшін алған», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Жаңа қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркеуде болу керек.

«Қызметтің механизмі қарапайым. Оны қолдану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет. «Анықтамасыз қызмет» механизміне сәйкес, мүдделі тұлға электрондық үкімет порталында авторизациядан өтуі тиіс. Сосын «Үшінші тұлғалардың анықтама алуы сервисі» бөлімін таңдап, қай азамат туралы мәлімет алғысы келеді, соның жеке сәйкестендіру нөмірін жазуы тиіс. Егер азамат мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, мүдделі тұлға анықтама түрін таңдап, өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қояды. Сол сәтте портал автоматты түрде азаматқа SMS-хабарлама жолдап, үшінші тұлғаға мәлімет беру/бермеу жөнінде шешім қабылдауды сұрайды. Азамат екі сағаттың ішінде жауап беруі тиіс», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұл қызмет жылына берілетін 24 миллион анықтаманың қағазын үнемдейді, ХҚКО-дағы кезектерді қысқартып, жүктемелерді жеңілдетеді және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының іске асуына тағы бір қадам жасалады.

Мобильдік азаматтар қорында тіркелу үшін пайдаланушы электрондық үкімет порталының «жеке кабинетіндегі», «телефон» сызық жолына телефон нөмірін енгізіп, осылайша өзін Порталдағы mGov мобильдік қорында тіркеу немесе ХҚКО-ға жүгініп, телефон нөмірін ЖСН-ға бекіту керек.

Тағы оқыңыз:

Алматыда жоғалып кеткен жігіт есін жоғалтқан күйі басқа қалаға кетіп қалған

Қанағаттандыра да алмайсыңдар: Атышулы Замира ер азаматтарға тағы да өкпесін айтты (видео)

Димаш жалған әншілердің масқарасын шығарды: Түріктер Димаш жайлы не дейді

Талқылау