Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді қазақстандықтар ауылшаруашылық жерлерін жалға ала алмайды

2016 жылдың шілдесінен бастап ауылшаруашылық мақсатта пайдаланылатын жер телімдері ел азаматтарына тек сатылатын болады. Жүздеген гектар жерді тек шетелдіктер мен оралмандар ғана уақытша пайдалану үшін иелене алмақ.

мамв

Сурет kapital.kz

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Шілде айында облыстарда мемлекет меншігіндегі ауылшаруашылық жерлерін сату бойынша бірінші аукцион өткізіледі. Шенеуніктердің айтуынша, сатылымға қазіргі күні еш пайдаланылмай тұрған жер телімдері шығарылмақ.

Шенділер Жер кодексіне өзгерістер енгізген. Жаңа ереже бойынша жерді ауылшаруашылық мақсатта пайдаланғысы келген қазақстандықтар жалға ала алмайды, яғни, тек сатып алулары керек. Ал шетелдіктер біздегі жер телімдерін 25 жылға жалға алуға құқылы.

Жерді иеленген әлеуетті қожайын оның құнарлылығын арттыру үшін қаржы бөліп, өңдеу мақсатында қажетті техникаларды әкелуі тиіс. Облыстарда арнайы мамандар жерді иеленгісі келетіндер үшін сипаттама жинағы мен талаптарды жариялайды.

“Аукцион шілдеде өтеді. Бірінші сатылымға 10 мың гектар жер аумағы шығарылмақ. Ол жер телімдері облыстың сегіз ауданында орналасқан”, – дейді ШҚО әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин.

Ал жердің бұрынғы жалға алушыларының алаңдауына еш негіз жоқ. Осы сатылым үшін олардың жерлері алынбайды. Керісінше, олардың әрқайсысы бұл аумақтарды жердің кадастрлық құнының 50 пайызы өлшемінде сатып ала алады екен.

Жалпы алғанда саудаға 157 мың гектарды құрайтын 434 аумақ шығарылады деп жоспарлануда.

Талқылау