Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді қазақстандықтар ауылдарға ұшақпен жетуі мүмкін

Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ішкі және сыртқы рейстер ашу туралы ұсынысын Қазақстандағы әуе компанияларына жеткізді.

Ақтөбе өңірлік коммуникациялық қызметінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев қосымша әуе рейстерін ашу кезіндегі қиындықтарға тоқталды. Шетелге және Қазақстанның басқа қалаларына рейс ашу қиын. Басты себеп – жолаушы аз.

«Ақтөбе әуежайын толыққанды пайдалану үшін жаңа рейстер ашу жұмысы күн тәртібінде тұр. ҚР Сыртқы істер министрлігі, елшілермен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ әзірге жаңа рейс ашу туралы ұсынысты әуе компаниялар құптамай отыр. Жолаушы аз. Дубай, Мысыр, Түркияға жаз айларында чартерлік рейстер қатынайды. Бізге чартерлік емес, тұрақты әуе рейсі қажет. Мәселен, Қытай елі шағын ұшақтарды қабылдамайды. Кем дегенде 200 жолаушысы бар ұшақ қатынауы тиіс. Ал бізде бір ұшақты толтыру қиын. Қазіргі кезде өзге елдерге бару үшін Ақтау, Атырау, Орал, Алматы, Астана қалаларына аялдайтын ұшақтар бар»,- деді Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев.

Ақтөбе облысының әкімдігі жаңа рейс ашу үшін Қазақстандағы әуе компаниялары мен Ақтөбеде туристік агенттіктердің басын қосып, ұсыныстар мен сұраныстар қаралды. Кездесу кезінде туристік оператор құру туралы ортақ ойға келді. Сонымен қатар, Ақтөбе облысында аудандарға жаңа рейс ашылуы мүмкін.

«Инвестиция және даму министрлігі шағын әуе рейстерін дамыту жоспарын жасады. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында әуежай жөнделіп, алғашқы рейс ұшырылды, субсидия берілді. Бірақ сұраныс болмай, тоқтап қалды. Енді Шалқар ауданына жаңа рейс ашуды жоспарлап отырмыз. Алдымен әуежай жөнделеді. Байғанин ауданы да тізімде бар. Егер «Ақтөбе-Атырау» тасжолы салынса, ол ауданға сұраныс болмауы мүмкін»,- деді Аязбай Османғалиев.

Айта кетейік, Ақтөбедегі туристік агенттіктер киелі жерлерге баратын арнайы автобустарды ашу туралы сұраныс берді. Қазіргі кезде бұл сұрақтың шешімі қарастырылып жатыр. Әсіресе, Ырғыз ауданындағы Жаманшың кратеріне қызығатындар көп.

Тағы да оқыңыз:

Шаханов: Бізде әр ұрының кем дегенде 2-3 медалі бар, солардың қатарында болмайын деп атақтан бас тарттым

Ақтөбе облысында бес баланың әкесі үстіне бензин құйып өзін өртеп жіберді

Шымкентте 7-сынып оқушысы бала босанды 

Талқылау