Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзіне 20 рет қол салмақ болған Жанар Хамитова концерт беруге дайындалып жатыр

Мейрамханада ыдыс жуып жүрген Жанар Хамитова концерт бермек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сиви

Бұл жайлы Сиви Махмұди өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Қос әншіні ортақ достары - визажист Радик Заитов таныстырған.

"Концертке қызу дайындық үстінде. Үлкен концертке арналған алғашқы әнді жаздық. Бүгін Жанар Хамитовамен шопинг жасадық. Оған қоса, НТК арнасына сұхбат беріп, жаңа ән де жазып үлгердік. Бізді таныстырғаны үшін досымыз Радик Заитовке алғыс айтамыз. Бізде бәрі жақсы, тілектеріңізге рахмет", - деп жазды Сиви Махмұди.

 

Әншінің өзі де Сивиді отбасының бір мүшесі ретінде көретінін айтты. 

"Сиви екеуімізді таныстырған досымыз Радик Заит. Араласқанымызға 13 жылға жуық уақыт болыпты. Радик керемет визажист. Енді біз бір отбасымыз", - деді Жанар Хамитова.

Талқылау