Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді бір де бір циркте дельфиндер өнер көрсетпеулері мүмкін

Енді бір де бір циркте дельфиндер өнер көрсетпеулері мүмкін. Өйткені табиғи ортада өмір сүрулері тиіс дельфиндерді аулап, бизнес көзіне айналдыруды тоқтау үшін заңмен тыйым салынуын мамандар талап етіп отыр.

delf-almati

Фото: ullica.ru

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жануарларды қорғаумен айналысатын еріктілер тобы Көкшетауға келген көшпелі дельфинарияға наразы. Айтуларынша, дельфиндерді бір жерден екінші жерге тасымалдау олардың өмірлеріне аса қауіпті.

“Мен тұрғындарды дельфиндерді қорғауға шақырамын. Дельфиндерді табиғи ортада өмір сұру керек. Бассейн олардың өмірін шектейді”, – дейді жануарларды қорғау қоғамының мүшесі Светлана Решетняк.

Светлананың алаңдайтындай жөні бар. Осыдан 10 жыл бұрын дәл осы ұжым Көкшетауға Дейл және Ленточка атты екі дельфинді әкелген. Сол кезде үздіксіз тасымалдауға жүрегі шыдамаған бір дельфин өлген болатын. Дейл өлген соң оның жұбы Ленточка жалғызсырап қалғандықтан, адамдарға әбес қылықтар таныта бастаған.

Жуырда Көкшетауға тағы келген ұжым биыл үш дельфинді алып келіпті.

“Дельфиндердің жағдайы жақсы. Көңіл – күйлері де тамаша. Адамдарға өте жақын. Бассейннің қасында балалар тұрса соларға қарай, жүзіп барады”, – деді Дельфинарияның бас бапкері Денис Летин.

Алайда, жануарларды қорғау қоғамының айтуынша олар адамдарды жақсы көргендіктен емес, қарындары ашқандықтан барады. Сондай-ақ, дельфиндерді сыйымдылығы тар жүк көліктерімен тасымалдайды. Ал цирк ұжымының айтуынша, дельфиндердің тамақтары да, жағдайлары да толық қарастырылған.

“Бассейннің тереңдігі 3 метр. Көкшетаудағы судың мұхит суынан айырмашылығы жоқ. Дельфиндер теңіз балықтарымен қоректенеді. Барлық жағдай жасалған”, – деп жауап берді Денис Летин.

Дельфиндердің өнерін тамашалау да арзан емес. Бір орынға 1000 теңгеден 4000 теңгеге дейін. Жануарларға жанашыр жандар билеттерді сатып алу арқылы дельфиндердің өміріне қауіп төндіреміз дейді. Ондай келеңсіздікті болдырмау үшін дельфиндерді аулап, бизнеске айналдыру ісін заңмен тыйым салу керек деген пікірді нық ұстануда.

Оқи отырыңыздар:

Зообақтағы маймыл шынының арғы жағынан жүкті әйелдің құрсағын сүйді (видео)

Қытай тұрғындарын қала ішінде басып кете жаздаған алып шар қатты қорқытты (видео)

Британияда жеткіншек жазғы демалысқа жігіт болып кетіп, мектепке қыз болып оралды (фото)

Суреттерден қанша қара нүктені көріп тұрсыз?

Талқылау