Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді азаматтар өз бетінше дайындалып, көлік жүргізу емтиханына қатыса алады

Механикалық транспорттарға жүргізушілер дайындау туралы ережеге №383 ереже бойынша өзгерістер енгізілді. Емтихан қабылдау мен жүргізуші куәлігін беру туралы жаңа ереже ҚР әділет министрлігінде тіркеліп халық назарына ұсынылып отыр.

7ee602b9bf1f5dcb6162e01a313f2613

Сурет astana.zagranitsa.com

Бұл туралы koleso.kz хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, өзгерістер 10 күннен соң 2016 жылдың 6 маусымынан бастап өз күшіне енеді.

“Курсты аяқтағаны туралы дәлелдеме A, B талап санаттарын және A1, B1 қосалқы санаттарын көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін тәуелсіз дайындықты өткен адамдарға қолданылмайды. А, В және А1, В1 категориялары бойынша өз бетінше дайындалған адамдар мемлекеттік корпорация ғимараттарында емтихан тапсырады. Мемлекеттік тілді немесе орыс тілін білмейтін шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар білікті аудармашылардың қатысуымен теориялық емтихандарды тапсыруға рұқсат алып, емтихан комиссиясының хаттамасына енгізіледі. Жүргізуші куәлігі үшін емтихан тапсыру кезінде үш реттен артық қате жіберген үміткер, келесі емтиханға тек алты айдан кейін жіберіледі”, – делінген.

Демек 6 маусымнан бастап азаматтар өз бетінше көлік жүргізуге дайындалып, арнайы құқықты иелену үшін емтихандар тапсыра алады.

Талқылау