Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді Айдарқұлова: Ақбота-Нұр тұрмысқа шыққан соң тегін өзгертіп тастаған

КешYou тобының бұрынғы әншісі Ақбота-Нұр тұрмысқа шыққан соң тегін өзгертіп жіберген. Көпшілік Сейітмағамбет тегімен таныған бойжеткен бұдан былай Дәуреннің әулетін танытпақ ниетте, деп жазады Stan.kz.

Енді Айдарқұлова: Ақбота-Нұр тұрмысқа шыққан соң тегін өзгертіп тастаған

Бұл туралы Дәурен Айдарқұлов желідегі парақшасында жазды.

“Көпшілік біле бермейді, Ақбота Сейітмағамбет 2018 жылдың 1 маусымынан бастап Ақбота Айдарқұлова. Айдарқұлова Ақбота Абайқызы”, – деп жазды Айдарқұлов Telegram парақшасында.

Сондай-ақ, Дәурен Ақботаның арқасында темекіні тастағанын айтты.

“Темекі шекпегеніме бір апта болды. Әлхамдуллилях. Бота мотивация қосты: енді 40 күн шылым шекпесем, Бота бұрыннан бері қалап жүрген нәрсемді береді”, – дейді Дәурен.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау