Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еңбек министрлігі қазақстандықтарға 85 мың теңгеден төленеді деген ақпаратқа жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі табысы төмен азаматтарға субсидия берілетіні туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп жазылған министрліктің ресми сайтында.

Ведомство Қазақстанда мұндай субсидия жоқ екенін атап өтті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды жалған ақпаратқа назар аудармауға және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуға шақырды.

Министрлік жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске салды.


Талқылау