Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еңбек еттім: Мөлдір Әуелбекова өзін “жұмыс істемеді” деген продюсерге жауап берді

Мөлдір Әуелбекова “Жыл таңдауы” жобасында жүлдесіз қалғанын айтып ренжіген еді. Бұл орайда жоба продюсері Жан Мұқанов жүлденің тек жұмыс істеген әншілерге берілгенін, ал хиті болмаған, клип түсірмеген өнерпаздардың құр алақан қайтқанын мәлімдеген болатын. Әйтсе де, Әуелбекова бұл пікірмен келіспейді. Себебі 2018 жылы қолдан келгенше жұмыс істедім, дейді ол.

Мөлдір Әуелбекова

Бұл туралы Stan.kz 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Музыкалық жүлдеден құр алақан қалғанымен, Әуелбекова көп ұзамай мемлекеттік “Құрмет” орденімен марапатталған еді. Әнші алған марапатын дүркіретіп атап өткен. Бір қызығы, Мөлдір бұл кешке өзін бағаламаған Жан Мұқановты да шақырған.

“Таспен атқанды аспен ат” деп әке-шешем үйреткен. Жан Мұқановты мен бұл кешке шақырдым. Ол кісінің жобасы Әміре де жүр осында. Еңбек жасамаған емес, еңбектендім. Жалпы 2018 жыл өте жемісті болды. Сахнаға аяқ басқаныма 15 жыл толды. Осы орайда Қазақстанның бүкіл ауыл-аймақтарын аралап, жанды дауыста жеке ән кешімді беріп шықтым. Одан кейін “Қазақконцерт” мемлекеттік ұйымына эстрадалық вокал бөліміне басшылық қызметке тағайындалдым. 1 желтоқсан күні алғашқы жеке ән кешімді бердім. Қаншама бейнебаян шықты? Қателеспесем, 4 бейнебаян шықты. Оның ішінде Төреғалимен әндерім бар”, – дейді Мөлдір.

Мұқанов бағаламаса да, Әуелбекова алдағы уақытта өзін дәлелдеуге ниетті.

“Ол кісі еңбегімді көргісі келмеген шығар, білмеймін. Халық көріп отыр, маңыздысы сол ғой. Бұл “Құрмет” ордені халықтың маған деген құрметінің арқасында келіп отыр. Ал 1-2 күндік премиялар бар, қаншамасы ашылып-жабылып жатыр. Ал мынадай орден бұл тарихта қала береді. Ол жылдан жылға жалғаса береді. Ол мемлекеттік деңгейдегі дүние. Ешкімге ренішім жоқ. Қайта керісінше, осы қатты қуанғанымнан, сондай кісілерді де шақыруды өзім ұйғардым, қателеспейтін адам болмайды. Мүмкін ондай адамдарға мен өз-өзімді дәлелдеу керек шығармын. Ол күнге де жетеміз, олар да мені мойындайды”, – дейді Әуелбекова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау