Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еңбегім бағаланбайды: Әуелбекова “Жыл таңдауы” жобасынан неге бас тартты

Жақында Алматыда өткен “Жыл таңдауы” ұлттық музыкалық жүлдесі кей әншілердің наразылығын тудырды. Мәселен, жүлдесіз қалған Әбдіжаппар Әлқожа өкпесін айтып, мүсінге ие болу үшін фонограммамен ән айту керектігін мысқылдап жеткізді. Дәл осы оймен Мөлдір Әуелбекова да келіседі.

Мөлдір Әуелбекова

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші жыл сайын өткізілетін музыкалық жобадан биыл бас тартқан. Айтпақшы, дәл сол күні Мөлдірдің елордада жеке ән кешін бергенін айта кетейік. Алайда Әуелбекованың музыкалық додадан бас тартуының себебі концертпен байланысты емес.

“Мен “Жыл таңдауы” жобасынан бас тарттым. Шынымды айтсам, массовка болғым келмейді. Маған ешқандай премия бермейді. Еңбегімді бағаламаса?! Жанды дауыста деп жүргенде, көз алдымда фонограммамен ән айтып жүрген әншілерге беріліп жатыр. Мен онымен келіспеймін. Өзімнің қаншама жылдық еңбегім бағаланбаған жерге баруға міндетті емеспін”, – деп мәлімдеді Әуелбекова Анна Данченкоға берген сұхбатында.

Естеріңізде болса, Қарақат Әбілдина да аталған жобаға көңілі толмайтынын жеткізген болатын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау