Ең ұзын есімді қыз Қызылордада тұрады

Жұма, 4 Наурыз , 2016 14:02

Қызылордада тұратын ең ұзын есім иесін ә дегеннен жаттап алып, айтып шығу оңайға соқпайды. Қызға отбасының үлкендері 17 әріптен тұратын Аққарагөзайымсұлу деген есім берген.

636363

Бұл туралы newtimes.kz сайты хабарлайды.

Әрине, оның туыстары мен достары есімін барынша қысқартып айтуға тырысады. Ешкім де толықтай жаңылыспай айтып шыға алмайды екен.

“Мен үйдің тұңғыш немересі болғандықтан, бәрі атымды қоюға таласқан. Туыстарым – Ақсұлу, Қарагөзайым, Аққарагөз сынды аттар ұсынған. Атам мен әжем ешкімді ренжіткісі келмей, осы есімдерді бір-бірімен біріктіре салған. Бәрі таңғалып, есімің әсіресе құжат толтырған кезде қиындық тудырмай ма деп сұрайды. Бірақ, мен осындай керемет есім болғанын мақтан тұтамын. Таныстар мен үйдегілер үшін жәй ғана Қарагөзбін”, – дейді Аққарагөзайымсұлу.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • қызық екен says:

    Неге Аққарагөзайымсұлу? Аққарагөз деген біртүрлі екен, Айқарагөз болса бір жөн ау депті әжем

  • Жұмбақ жан says:

    құраннан ат карап қойыу керек еді ,,

  • Жұмбақ жан says:

    Басынабаққоныпқайтпайқойсын деп қоя салуға болатын сияқты

  • Жұмбақ жан says:

    Естімеген елде көп деген осы ғой

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар