Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әкем жібермеді": Ләйлә Сұлтанқызы әскерге барып, келмей қалатын сарбаздар туралы айтты

Отан қорғаушылардың мерекесіне орай Ләйлә Сұлтанқызы үш бауыры туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, үш бауырының да әскерге бармағанын жеткізді. Бұған әкесінің немістерден жасқанып, ұлдарын уайымдауы себеп болған көрінеді.

«Менің 3 бауырымның үшеуі де әскерге бармады, дұрысы, әкем жібермеді. Ол кезде ең үлкен қауіп немістер сияқты көрінетін. Мектепте ағылшынның емес, немістің тілін үйрендік. Білу үшін. Түсіну үшін. Сөйткен Алманиямыз ең дамыған мемлекет екен ғой», - деп жазды ол.

Ата-аналардың ұлдарын әскерге жіберу қорқынышы күн санап өсіп келетіндігін статистикаға жүгініп дәлелдеді Ләйлә ханым. Баласын отан алдындағы борышын өтеуге жіберуден жасқанатын ата-аналарға өз перзенттеріңіздің рухын өздеріңіз жаншисыздар деп күнә артты ол.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Менің 3 бауырымның үшеуі де әскерге бармады, дұрысы, әкем жібермеді. Ол кезде ең үлкен қауіп немістер сияқты көрінетін. Мектепте ағылшынның емес, немістің тілін үйрендік. Білу үшін. Түсіну үшін. Сөйткен Алманиямыз ең дамыған мемлекет екен ғой)) Отан, ел, жер дегенімізбен баласын әскерге жіберуге қорқатын ана бар, жібермеудің жолын жасайтын әке бар. Сап-сау кеткен ұлдары ауру болып келеді не келмейді... Елімізде жыл сайын 245 мың жас әскерге шақыру жасына толады екен. Биыл 35 мың жасты әскерге шақыру көзделген. Алайда бұл статистикамен бірге ата-аналардың "әскери-фобиясы" да өсіп келеді. ⠀ Пайызбен пайымдап көрсек, #жастардың 25-30%-ы әскерге жарамды; 30%-ның "оқуда" деген қағазы бар; 25-30%-ы әскерге жарамсыз; 8-10%-ы мүлдем жарамсыз. ⠀ Ал сіз ұлыңызды әскерге жібересіз бе?! Мен? Ал мен пока білмеймін, честно🤔

Публикация от ℒᎽᎯℐℒᎯ ЅUℒᏆᎯℕᏦᎽℤᎽ (@sultankyzy)

«Отан, ел, жер дегенімізбен баласын әскерге жіберуге қорқатын ана бар, жібермеудің жолын жасайтын әке бар. Сап-сау кеткен ұлдары ауру болып келеді не келмейді... Елімізде жыл сайын 245 мың жас әскерге шақыру жасына толады екен. Биыл 35 мың жасты әскерге шақыру көзделген. Алайда бұл статистикамен бірге ата-аналардың "әскери-фобиясы" да өсіп келеді», - дейді тележүргізуші.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр