Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

19 мың теңгеге өмір сүрген депутат жарты айда 6 келіге арықтап кетті

Ресейдің Саратов облысының думасының депутаты Николай Бондаренко тәжірибе жүргізіп көрмек болып, арықтап кетті. Ең төменгі күнкөріс деңгейіне сәйкес өмір сүрген депутат бір ай бойы 3,5 мың рубль (19 мың теңгеден аса) ғана жұмсаған.

Ең төменгі күнкөріс деңгейіне сәйкес өмір сүрген депутат жарты айда 6 келіге арықтап кетті

Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Тәжірибенің басында, яғни 2 апта бұрын салмағым 94 келі болатын . Қазіргі уақытта салмағым 88 келі. Арықтадым», – дейді депутат.

Өз сөзінде Бондаренко көбіне дәнді-дақыл және көкөністермен ауқаттанатынын айтты. Сонымен қатар ол тәжірибесін бұзбас үшін, іссапар кезінде тамақтанудан бас тартып, өз тамағын өзі әзірлейді екен.

24 қазанда Бондаренко өңірдің еңбек министрімен дауласып қалғаннан кейін, ең төменгі күнкөріс деңгейіне сәйкес өмір сүріп көруді ұйғарып, тәжірибесін бастап кеткен еді.

Қазан айында саратовтық министр Наталья Соколова зейнеткерлердің ең төменгі күнкөріс деңгейі «минималдық қажеттілік үшін толықтай жететінін» мәлімдеген еді. Алайда оған айына 7241 рубль (40 мың теңгеден аса) ғана жұмсап, күн көру ұсынылғанда, бас тартты. Мұнан кейін министр қызметінен босатылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау