Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең тапқыр шпаргалка: Мектеп түлектерінің бірі ҰБТ-ға химия формулалары жазылған бөтелке алып кірген

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-дағы “ең тапқыр”шпаргалардың бейресми рейтингін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Ең тапқыр шпаргалка: Мектеп түлектерінің бірі ҰБТ-ға химия формулалары жазылған бөтелке алып кірген

Оның айтуынша, тестілеу орталығында шпаргалар алып кірудің небір құйтырқы әрекеттері жыл сайын жасалады. Биылғы жылы химия формулалары жазылған бөтелке, шпаргалардың бейресми рейтінгісінде көш бастап тұр.

“Ол минералды судың атауын және белгісін басып шығарған. Онда судың құрамы мен заңды мекенжайының орнына химия формулалары жазылған. Өздеріңіз білетіндей заң бойынша, аудиторияға минералды су алып кіруге рұқсат етілген. Бірақ, бізді бұл түлектің тапқырлығы қуантып отыр. Бұл оның функционалдық сауаттылық деңгейін растайды. Яғни, логикалық ойлау, талдау және білімді тәжірибе жүзінде қолдана алу”, – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, Ұлттық тестілеу орталығының директоры шпаргалка авторына техникалық бағыттарды таңдауды ұсынды. Оның ойынша, шпаргалға жасаушы адам өзінің тапқырлығымен елімізге үлкен пайда әкеледі.

Айта кетейік, ҰБТ-ның алғашқы үш күнінде еліміздегі орташа балл 83-ті құрады. Ең жоғары нәтиже Алматы қаласында Т. Рысқұлов атындағы ұлттық экономикалық университетте тіркелді. Онда алматылық түлек Хамзин Дәулет Азатұлы 139 балл жинады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау