Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең сексуалды дәрігер өзін аукционға қойды

People журналының аталымы бойынша планетамыздағы ең сексуалды дәрігер деген атқа ие болған Нью-Джерси тұрғыны Михаил Варшавски қайырымдылық аукционына қатысып, жеңімпазбен кездесу ұйымдастырмақ.

38_main

Бұл туралы Лента.Ру хабарлайды.

Қайырымдылық шараның серіктестері америкалық танысу порталы Coffee Meets Bagel екен.

“Мен салмақты қарым-қатынас үшін қыз іздеймін, әйткенмен бұл іздеу оңайға түспейтін секілді”, – дейді 26 жастағы дәрігер.

Аукционда жиналған қаржының барлығы The Limitless Tomorrow қайырымдылық қорына аударылмақ. Бұл қор жәрдемі нашар студенттер мен мектеп оқушыларына көмек береді. Оны ұйымдастырған дәрігер Варшавски.

“Әлеуметтік желілерде бұл бастаманың қолдау тапқаны қуантады. Мен басқа керемет ештеңе ойлап таба алмадым, тек бар жиылған дүниені қайырымдылық мақсатта жұмсай аламын”, – деді дәрігер.

Ойынға қатысып бақ сынау үшін, Coffee Meets Bagel сайтына кіріп анық-қанығымен танысу қажет. Қазірдің өзінде аталмыш материал 40 мың доллар жинап үлгерді.

Reviving the ladies of @unnuevodia @telemundo 💉💊😋

Фото опубликовано Dr. Mike (@doctor.mike)

Сайыс ережесі бойынша қатысқаның үшін 10 доллардан ұсталады. Аукцион 27 қаңтарда аяқталады.

Жеңімпаз, генератордың кез-келген нөмірді автоматты түрде таңдауының арқасында белгілі болып, ең сымбатты дәрігермен кешкі ас ішу үшін Нью-Йоркке келеді.

Американдықтың Инстаграмдағы аккаунтына 1,2 миллион адам жазылған екен.

Варшавски әлемдегі ең сексуалды дәрігер атағын 2015 жылдың күзінде People журналының нұсқасы бойынша иеленді. Дәрігер Ресейде туылғанымен, 6 жасында АҚШ-қа қоныс аударған.

Талқылау