Ең мықты продюсер: Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзоваға алғыс айтты

Мөлдір Әуелбекова желтоқсанның 1-і күні елордалықтарға арнап жеке концертін бермек. Бүгінде әнші әрі продюсер шығармашылық кешіне қызу дайындық үстінде. Аталған концертке Мөлдірдің продюсерлік жобасы “Назар” да қатысады. Әуелбекова кештің толықтай жанды дауыста өтетініне уәде берді.

Мөлдір Әуелбекова, Баян Алагөзова

Фото: Instagram, коллаж Stan.kz

Шығармашылығындағы жаңалықтары мен бұрынғы ұжымы КешYou туралы Мөлдір “Ревюньюс” тілшісі Серікқазы Аязбаевқа берген сұхбатында айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Әуелбекова “жаңғақты” қыздар тобында 7 жылға уақыт ән салды. Осы уақыт ішінде Кәмшат Жолдыбаева, Найля Заитова, Әнел Аринова, Айдана Меденовалармен бірге жұмыс істеп үлгерді. Алайда бүгінде Мөлдір экс-топтастарының бірде бірімен жақын араласпайды екен. Әуелбекованың айтуынша, бұл топта ән салған қыздардың қай-қайсысы да сахнада бір үйдің қыздарындай ән салғанымен, өмірде дос болуы екіталай.

“Ешкіммен жақсы араласпаймын. КешYou тобында бір-бірімен жақсы араласатын адамдар аз ғой. Жалпы бұл топты, жобаны өзім қатты жақсы көремін. Кірпіш қалаушылардың бірі болдым. Дайынға келген жоқпыз, керісінше сол атқа жұмыс істегендіктен, мен үшін орны бөлек. Бірақ қазіргі құрамда ән салатын қыздарды танымаймын”, – дейді Мөлдір.

Мөлдір осы уақытқа дейін берген сұхбатында: – Бұрынғы продюсерлерім Баян және Бағым Мақсатқызын үнемі мақтаймын. Бірақ неге екені белгісіз, сұхбаттарда, қиылып қалады, – деген еді. Бұл жолы Әуелбекова экс-ұстазына деген алғысын ашық жеткізді.

“Айтар алғысым шексіз. Мен продюсерлерден кеткен кезде, маған талай ұсыныс жасалды. Танымал екі продюсерден ұсыныс түсті. Бірақ мен қанша рет айттым, Баян ханымның продюсерлік орталығы мен үшін ең мықты мектеп. Ол кісілерге айтар алғысым шексіз. Ол кісілер сырт көзге қатал көрінгенімен, өте жұмсақ кісілер. Олардан артық маған ешкім үйрете алмайды. Сондықтан да осы уақытқа дейін түскен ұсыныстардан бас тартып, өзім жұмыс істеп келемін”, – дейді Әуелбекова.

Сондай-ақ, Әуелбекова жеке өмірі туралы сансыз сұрақ жолдайтын оқырмандарына қысқа ғана жауап берді.
“Аллаға шүкір, барлығы тамаша. Балам жанымда. Менімен бірге дайындықта, түсірілімде жүреді”, – деді ол.
Айта кетейік, Әуелбекованың шығармашылық кеші 1 желтоқсан күні Қазақстан орталық концерт залында өтеді. Концертте Мейрамбек Бесбаев, Төреғали Төреәлі, Ұшқын Жамалбек сынды өнер иелері қонақ болмақ.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар