Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең қымбат нан Атырау облысында

Атырау облысы,Мақат ауданында бір бөлке нан 90 теңгеден сатылуда.

10

Аудандағы 30 мың тұрғынды төрт наубайхана нанмен қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды КТК.

-Атыраудан да бағасы 60 теңгеде сатылуға нандар келеді. Доссор кентінде 3 наубайхана бар. Олардың сату бағасы 50 теңгеден. Енді ана жақта сатып алып отырған дүкендер өздері үстіне қосып, сатып отыр, – дейді аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішев.

Мақаттағы халықтың бір бөлігі теміржолда жұмыс істейді. Ал, базар-вокзал жағалап күн көріп отырған жұмыссыздар үшін мұның қалтаға соғатыны анық. Жергілікті наубайханашылар бұны доллардың қымбаттауымен байланыстырыпты. Алайда облыс орталығы –Атырау қаласынданан бағасы 45-50 теңге. Мақат басшылығы алдағы уақытта нан бағасын аз да болса түсіру мақсатында жаңадан 3 наубайхана ашпақшы.

 

 

Талқылау