Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең қымбат қалыңдық: Ата-анасы қыздарын 500 сиыр үшін кәсіпкерге сатып жіберді

Оңтүстік Судан тұрғындары Facebook желісінде 16 жастағы қызды аукционға қойды.

Ең қымбат қалыңдық: Ата-анасы қыздарын 500 сиыр үшін кәсіпкерге сатып жіберді

Бұл туралы Vice News басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ата-анасы жазбада өз қыздары үшін күйеу жігіт іздейтінін жазған. Артынша аукционда жергілікті кәсіпкер жеңіске жетті. Ол жас қыз үшін 530 сиыр, Land Cruiser V8 маркалы 3 автокөлік және 10 мың доллар (3,5 млн тңгеден аса) ұсынған. Кәсіпкердің осыншалықты ұсынысынан кейін судандық БАҚ Джалангты «Африкадағы ең қымбат қалыңдық» деп атады.

Жасөспірімнің желіде аукционға қойылғанына құқық қорғау қайырымдылық ұйымдары назар аударған. Plan International South Sudan ұйымының жергілікті бөлімінің басшысы Джордж Отим технологияларды жабайылықпен пайдалану заманауи құлдар базарын еске салатынын айтты.

Ең қымбат қалыңдық: Ата-анасы қыздарын 500 сиыр үшін кәсіпкерге сатып жіберді

«Әлемдегі ең ірі әлеуметтік желіде қызды неке үшін сатуға болатыны қайран қалдырады», – дейді Отим.

Сонымен қатар белсенділер мұндай әрекет келешекте басқа отбасылар үшін де үлгі болуы мүмкін деп алаңдап отыр. Стау туралы жазба 25 қазанда жарияланғанымен, Facebook әкімшілігі оны тек 9 қарашада өшірген. Бұл уақытта 16 жастағы Джаланг тұрмысқа шығып үлгерген.

Оңтүстік Суданда балалар некесі заңсыз болғанымен, оған әлі де көптеп жол берілуде. «Қыздар қалыңдық емес» азаматтық ұйымының мәліметінше, мемлекеттегі қыздардың жартысының көбі 18 жасқа дейін тұрмыс құрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау