Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең көп табыс алып келген қазақстандық фильмдердің тізімі жарияланды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өзінің табысты, нарықта сұранысқа ие қазақстандық фильмдер тізімін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА .

20170121101039

Өткен жылғы ресейлік және қазақстандық прокаттың көшбасшысы – «28 панфиловшы» фильмі. РФ Мәдениет министрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген кинокартина бір ай бойы көрсетілді.

20170121101629

 

Кассалық түсімдер барлық өндіріс шығындарын өтеді. Қазақстандағы кассалық түсім 61, 3 млн. теңге (11,2 млн. рубль) жинаған. Ресейдегі кассалық түсім 361 млн. рубльді (1,96 млрд. теңге) құраған. Ендігі қадам халықаралық кинонарыққа шығу, әсіресе, Қытай халқы фильмге аса қызығушылық танытып отыр.

20170121101646

«Көшбасшы жолы» – «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмін де табысты жобалардың бірі деп атауға болады. Оны режиссер Сергей Снежкин түсірген.

Фильмнің премьерасы Франция, Ресей, Қытай, Грекия және Гонконгта өтті. Ресейлік «Дом кино», «Мир 24» арналарында және Грузия, Армения, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстанды қамтитын «Первый канал. Время» бүкіләлемдік желісінде телевизиялық прокатпен көрсетілді. Енді Польша, Беларусь, Украина және ТМД елдерінде көрсету жоспарланған.

20170121101704

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» картинасы жалпыұлттық прокат көшбасшыларының үздік бестігіне  енді. Фильм прокатта рекордты екі ай жүріп, көрерменкөңілінен шықты. Фильм Ялтадағы «Еуразиялық көпір» кинофестивалінің Гран-при иегері атанды. Сонымен қатар, өткен жылдың қазан айында картина Лос-Анджелесте көрсетіліп, батыс баспасөзі мен жергілікті қауымның үлкен қызығушылығын тудырды.

Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы алғаш рет әдебиет пен өнер саласындағы Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» көркем фильміне берілді. Фильм Еуразия халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі деп танылды.

20170121101712

Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» картинасы «Оскар» жүлдесінің «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына үміткерлер тізіміне енді.

Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ тал» фильмі Оңтүстік Кореяда 20-Пусан халықаралық фестивалінің (2015 ж.) «Жаңа ағым» бөлімінде  бас жүлдені жеңіп алды.

Биыл режиссер Эдом Джонс пен голливудтік Кэри Гранат «Әміре» фильмін ұсынбақ. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту болған Рүстем Әбдірашевтың «Алмас қылыш» фильмі. Еліміздің барша кинотеатрларында көрсетіліп жатқан кинотуынды қазақстандық көрермендердің жоғарғы бағасына ие болды.

Талқылау