Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"10 күннен артық жырақта жүре алмаймын": Динара Сәтжан патриот екенін айтып мақтанды

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан шетелде тұрғысы келмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында елдің көкейінде жүрген сұраққа жауап беріп, Қазақстанды әлемнің жеті кереметінен де артық қоятынын айтты. Шетелден 10 күннен артық шыдамайтын тележүргізуші елден ешқашан кетпейтінін жасырмады.

"Басқа елде тұрғың келе ме? Әрине, тұрғым келмейді. Ең көп дегенде отанымнан 10 күн жырақта жүре аламын. Одан кейін ешнәрсе қуантпайтын болып қалады. Бортқа кіріп, ана тіліңді естіп, өз ұлтыңның жүзін көріп, жымиғанына сүйсінгенде елге қайтып бара жатқаныңды сезесің", - дейді Динара Сәтжан.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Хотела бы я жить в другой стране?! Однозначно, Нет! Максимум, на который меня хватает вдали от Родины, это 10 дней. После уже ничего не радует. И когда ступаешь на борт @airastana_kazakhstan слышишь родную речь, видишь родные лица, улыбки, чувствуешь, что летишь домой! Рекомендую всем зарегистрировать карту #nomad и не забывать ее проводить каждую поездку. В прошлом году я налетала до Gold’а, а это плюс 20 кг бесплатно, апгрейд, my seat, ожидание рейса в бизнес-лаундже плюс 1 и много других приятных бонусов! С днём рождения, любимая @airastana_kazakhstan 💗

Публикация от 🇰🇿Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)

Осылайша Қазақстанға деген махаббатын көрсеткен Динара Сәтжан желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді. 

Талқылау