Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең қауіпті қонақ үй (фото)

Перудегі Мараш Морей үйіндісінен 40 шақырым жерде Skylodge Adventure Suites деп аталатын қонақ үй орналасқан. Бұл қонақ үйді ашылғалы бері журналистер «әлемдегі ең қауіпті қонақ үй» атап келеді.

6a5b591db3cbbd1

Бұл қонақ үй биік құздың ұшар басында, 112 метр биіктіке орналасқан. Шыныдан жасалған екі бөлмелі қонақ үйден жартастардың барлығы айнадай жарқырап көрінеді. Ал бөлмелері аэроғарыштық алюминий мен поликарбонаттан жасалған және ауа райының барлық өзгерістеріне төзімді. Әр бөлмеде өз ваннасы, әжетханасы және де сырт көзден жасыра алатын терезе перделері де бар.

Қонақтар Қасиетті Куско аңғарына ілініп тұратын осы қонақ үйге таудағы жалғыз аяқ жолмен, болмаса альпинистердің арнайы аспалы арқанымен келіп кіре алады.

Skylodge Adventure Suites қонақ үйінде бір түн түнеу 50 мың рубль тұрады. Және де осы сомаға тегін таңғы ас ішіп, кешкі асты шараппен ішіп, Виа-Феррата арқанды бағын көріп, оған қоса көлігіңізді тегін қоя тұруыңызға болады. Skylodge Adventure Suites қонақ үйінде болған саяхатшылардың көпшілігі осы жерде суретке түсіп, оны инстаграмға жариялауға құштар. Ал TJ болса, ең үздік суреттер топтамасын жасады.

Талқылау