Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарты ғасыр түрмеде отырған ең қатігез қылмыскер көз жұмды (фото)

АҚШ-та 84 жастағы ең қатігез қылмыскер көз жұмды. Чарльз Мэнсон түрмеде жарты ғасыр отырды.

1972 жылы Чарльз Мэнсонды өмір бойына бас бостандығынан айырып, түрмеге жапты. Ол режиссер Роман Поланскийдің жүкті әйелі мен тағы жеті адамды аяусыз өлтірген.

Мэнсонның денсаулығы нашарлап, емханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жақын арада көз жұматынын айтады. Денсаулығы көтере алмайтын болғандықтан ота жасаудан бас тартады.

Қылмыскер «Отбасы» деп аталатын ағымның көшбасшысы болды. Ол ұйымның әр мүшесіне жаңа ат қойып, оларды әпке-бауыр деп атаған.

1969 жылы ағымның мүшелері режиссер Роман Поланскийдің үйіне түсіп, әйелі актриса Шэрон Тейтті бауыздап өлтірген. Актрисаның құрсағында 8 айлық сәбиі болған.

Қылмыскер оның қанымен «доңыз» деп жазып кетеді. Үйге келген 4 қонақты да өлітіріп кеткен. Режиссердің өзі бұл уақытта Лондонда жұмыс сапарымен жүрген.

Келесі күні «Ленно» дүкендер желісінің басшысы мен әйелін өлтіреді. Құрбандар 169 жерден пышақталып, 7 рет оққа ұшқан.

Қылмыскерлер The Beatles әнінде айтылатындай мақсаты «тозақ шашу» екенін айтады. Мэнсоннің өзі бір кездері музыкант болғысы келіп, Beach Boys тобында гитарада ойнаған.

Мэнсон мен оның 7 жақтасы өлім жазасына кесілді. Алайда бұл жеңіл жаза екені айтылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

1984 жылы өзге сотталушы Ян Холмстрем Мэнсонге шабуылдайды. Оны өртеп жібермек болады, бірақ Мэнсон тірі қалған.

2014 жылы Мэнсон үшінші рет үйленіп 25 жастағы  Элен Бертонмен қосылады. Ол үшін бойжеткен түрмеге жақын жерге көшіп келеді. Элен маңдайына кресттің суретін ойып жазады. Қылмыскердің соңынан ерушілердің бәрі маңдайына солай жазған.

Мэнсон осылайша ең қатігез қылмыскер символына айналған. «Мэнсон» кино картинасы 1973 жылы «Оскар» сыйлығына ұсынылған еді. Ал, 2015 жылы Мэнсонге арналған «Суқұйғыш» атты сериал шықты.

Тағы да оқыңыз:

Солтүстік Кореяда санкция салдарынан халықтың көңіл көтеруіне тыйым салынды

Түрмеге бірге түскен екі сотталушының бірі екіншісін зорлаған педофил болып шықты

Жаяу жүргінші 9-қабаттан құлаған әйелді қолымен қағып құтқарып қалды (видео)

Талқылау