Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Студенттер сабақ беріп тұрған жас мұғалімді суретке түсіріп алып, желіде таратып жіберген

Тайваньдық «ең әдемі мұғалім» желі қолданушыларын өзіне ғашық етті. Ол аз уақыттың ішінде танымалдыққа ие болды, деп жазады Stan.kz.

28 жастағы Чэн Цзя-вэнь Чжунли қаласындағы Технологиялар ғылымы институтында авторлық құқық бойынша сабақ берген. Студенттер жас ұстазды суретке түсіріп алып, желіде таратып жіберіпті. Осылайша Чэн аз уақыта ішінде танымал боп шыға келді. Оның Instagram желісіндегі оқырмандарының саны бірер күн ішінде 95 мыңға жеткен.

Желі қолданушылары қыздың сұлулығына тәнті болды. Олардың дені институтқа барып, білім алғысы келетінін айтып жатыр. Кейбірі мұндай сұлу ұстаздың шәкірттері сабақтан қалмайтын болар деп топшылады. Алайда бар ойы сабақта болмайтын шығар, дейді пікір қалдырушылардың кебірі.

Чэн мұғалімдік қызметінен бос уақытында күйсандықта және сыбызғыда ойнағанды жақсы көреді екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау